Бүгін28- қаңтвр күні бастауыш сынып оқушылары ерекше саяхатқа шықты! Олар театрға барып, "Үйшік" ертегі қойылымын тамашалады. Балалар әлеміне керемет саяхат жасап, ертегінің керемет кейіпкерлерімен танысты. Бұл іс-шара оқушыларға шығармашылық көзқарас қалыптастырып, театр өнерінің әсемдігін сезінуге мүмкіндік берді.
Балалар актерлердің шеберлігі мен сахнаның сиқырлы атмосферасына таңқалып, өздері де өнердің қаншалықты маңызды екенін түсінді. Мұндай іс-шаралар оқушылардың ой-өрісін кеңейтіп, оларды жаңа эмоциялармен таныстырады.
Театрға барған әрбір баланың жүзіндегі қуаныш, олардың шығармашылық дүниетанымын байыта түсетіні анық!
https://arkkeikibatyr.edugov.kz/kz/zhanaly-tar/294-teatr-a-sayakhat-2.html#sigFreeIdcb984c597b









