Біртұтас тәрбие бағдарламасының «SMART BALA» жобасы шеңберінде «Өнертапқыштыққа алғашқы қадам» атты қаңтар айындағы жоспарына сәйкес мектебімізде Жасанды интеллектке (ЖИ) байланысты жобалар көрмесі өтті.

Бұл ерекше шарада қалалық ғылыми жобалар байқауларында жүлделі орындарға ие болған оқушыларымыз өз тәжірибелерімен бөлісіп, шағын мастер-класстар өткізді. Көрме қатысушылары жасанды интеллект мүмкіндіктерімен танысып, инновациялық идеялармен шабыттанды!