Астана қаласында өткен "Дала думаны" халықаралық көпжанрлы байқауында вокал номинациясы бойынша қатысқан мектебіміздің 3 "Г" сынып оқушысы Сайлау Айару Бас Жүлде иегері болды. Айару байқауда «Аққұм» әнін жанды дауыста нақышына келтіре шебер орындап, қазылар алқасының ризашылығына бөленді. Жас әншіні баптап, додаға қосқан жетекшісі Муханбетжанова Т.С.
Мектебіміздің абыройын асқақтатқан оқушымызды мақтан тұтамыз, биік белестерді бағындыруына тілектеспіз және керемет жетістігімен жетекшісі Тұрсынай Сәбитбекқызын да, оқушымызды да шын жүректен құттықтаймыз.
https://arkkeikibatyr.edugov.kz/kz/zhanaly-tar/305-sajlau-ajaru-bas-zh-lde-iegeri.html#sigFreeId38a99d88a8









