2025 жылдың наурыз айының 28-і жұлдызында, жалпы білім беретін пәндерден мектепішілік ғылыми сайысы өткізіліді. Ғылыми жобаның негізгі мақсаты оқушылардың ғылыми - зерттеу және оқу - танымдық жұмыстарын ынталандыру және ой еңбегінің беделін арттыра отырып ең талантты және дарынды жас зерттеушілерді іріктеу және оралға қолдау көрсету болып табылады.

Мектепішілік ғылыми жобалар сайысына 14 жұмыс ұсынылды, ұсынылған жұмыстардың шығармашылық, ғылыми ойлау, қолданылған зерттеу әдістері, тақырыпты ашу дәрежесі және шеберлік шешендік ұсынылған материалдардың сапасын қарай отырып жұмыстар бағаланды. Қазылар алқасының шешімімен гуманитарлық бағыт бойынша, І орын Яритик Александрина (жетекшісі Самотина Любовь Владимировна) және жаратылыстану бағыты бойынша, Ержан Айсұлтан (жетекшісі Ешмагалиева Аруна) I орынға ие болды. Сонымен қатар, III орынға жаратылыстану бағыты бойынша, Амангелді Жәнібек (жетекшісі Альмаганбетов Руслан Кайырбекович), Мақсұтбек Інжу (жетекшісі Асипова А.К.). Гуманитарлық бағыт бойынша Марякова Саялы (жетекшісі Баязитова Гулим Сейтбековна)

Бірінші орынға ие болған Яритик Александрина мен Ержан Айсұлтан қалалық кезеңге жолдама алды. Оқушыларымызды және пән мұғалімдерін жеңіспен құттықтаймыз, қалалық кезеңде сәттілік тілейміз!