Әдістемелік отырыста бірінші мәселе бойынша, алдыңғы кеңес шешімдерінің орындалуы туралы мектеп директорының ғылыми-әдістемелік жұмыстар жөніндегі орынбасары М.Р.Исниязов сөз алды.
Екінші мәселе бойынша «Жаратылыстану» және «Математика, информатика, физика» «Қазақ тілі» пәндік бірлестіктерінің атқарылған жұмыстары талқыланды. Жан-жақты зерделі, дарынды, талантты адамды қалыптастыру бағытындағы білім беру мәселесі еліміздің басты назарда екеніні айтылды. Сол тұрғыда, оқыту жүйесін заман талабына сай үйлестіре алу міндеті туындап, білімге, барлық оқу- әдістемелік жүйеге жаңа талап қойылған. Осы талаптарды ескере отырып, алдыға қойған мақсат – оқытушыларды оқуға қызықтыру арқылы, қабілетін арттыратын жағдай туғызу. Оның негізгісі – оқу үрдісін жаңаша ұйымдастыру, оқушылардың ойлау дағдыларын жетілдіру, өздігінен білім алу жүйесінде бірлесе әрекет ету. Заман талабына сай шәкірт шығармашылығын дамытуға, оқытушылардың қажеттіліктеріне жан – жақты жауап беретін тиімді технологиялар және жасанды интеллектің мүмкіндіктерінің шексіз екенін айтылды.
Үшінші мәселе бойынша бастауыш сынып мұғалімі Ешмагалиева Аруна “Бастауыш сынып оқушыларының оқу сауаттылығын дамытатын тиімді әдіс- тәсілдер” тәжірибесімен бөлісті. Мұғалімнің алдындағы мақсат оқушының оқуға ынтасын көтеру, қызығушылығын арттыру, бұл білім сапасын көтеру деген сөз. Сабақты құру негізі оқушылардың жұмысын ұйымдастыру. Бұл сабақтың маңызын және әдісін анықтайды. Сондықтан таңдалған әдіс-тәсілдер сабақ барысын тиімділігін көрсетеді. «Оқушылардың сабаққа деген қызығушылығын, ынтасын оятып, танымдық белсенділіктерін арттыра отырып, шығармашылық қабілеттерін дамытуға жағдай жасау». Оқу-тәрбие үрдісінде мұғалім мен оқушы арасындағы қарым-қатынастың атқаратын рөлі ерекше екенін атап өтуге болады.









