Біздің мектебіміздің ер ұстаздары М.Дулатұлының 140 жылдығы және «Ұстаздар күні» мерекесіне орай қала және ауыл мектептері мұғалімдері арасында ұйымдастырылған «Кіші футбол» жарысына қатысып, жоғары деңгейде өнер көрсетіп, үшінші орынға ие болды! Бұл жарыс ұстаздар арасындағы ынтымақтастықты, спортқа деген қызығушылықты және командалық рухты арттыру мақсатында ұйымдастырылған болатын.
Жарыс барысы:
• Жарысқа ала және ауыл мектептері мұғалімдер командасы қатысты.
• Біздің команда шеберлікпен ойнап, бірнеше қиын қарсыластарды жеңіп шықты.
• Үшінші орын — қажырлы еңбектің, бірліктің және спортқа деген сүйіспеншіліктің нәтижесі.
Құттықтаймыз! Ұстаздарымызды шын жүректен құттықтаймыз! Бұл жетістік — мектеп ұжымының мақтанышы. Алдағы уақытта да осындай белестерді бағындыра беріңіздер!