25-қазан — Республика күніне орай ұйымдастырылған қала мен ауыл мектеп оқушылары арасындағы жасанды рельефтегі туристік көпсайыс жарысында біздің команда ІІІ орынға ие болды!
Бұл жарыс оқушылардың төзімділігі мен ептілігін сынап, командалық рухты арттыруға бағытталған. Қатысушылар күрделі кедергілерден өтіп, бағыт-бағдар табу, жедел шешім қабылдау және табиғатпен үйлесімді әрекет ету дағдыларын көрсетті.
Жүлделі орынға ие болу — үлкен еңбек пен дайындықтың нәтижесі. Команда мүшелерін шын жүректен құттықтаймыз! Алдағы уақытта да биік белестерді бағындыра беріңіздер!
View the embedded image gallery online at:
https://arkkeikibatyr.edugov.kz/kz/zhanaly-tar/319-turistik-k-psajysta-zh-ldeli-oryn.html#sigFreeId96a588370f
https://arkkeikibatyr.edugov.kz/kz/zhanaly-tar/319-turistik-k-psajysta-zh-ldeli-oryn.html#sigFreeId96a588370f









