2026 жылдың қаңтар айының 6-шы жұлдызында жоспарға сәйкес, №3 мектепішілік әдістемелік кеңес отырысы өткізілді. Күн тәртібінде бес сұрақ қарастырылды. Директорының ғылыми-әдістемелік жұмыстар жөніндегі орынбасары Исниязов Мирам Рахимжанұлы қалалық олимпиада нәтижесі бойынша облысқа жолдама алған оқушылармен дайындық жұмыстары жайлы айтты.

Мектеп директорының АТ орынбасары Карашинов Каскырбай Серикбаевич «Жасанды интеллект - білім алудың жаңа құралы» тақырыбында кең көлемде ЖИ құру, жұмыс жасау, артықшылықтары туралы түсінік жұмыстарын жүргізді.

Сонымен қатар, «Тарих, құқық» пәндері он күндігінің қорытынды, нәтижелері туралы ӘБ жетекшісі Бекентаев Сұңғат Жұмабекұлы онкүндік іс-шараларының өтілуі туралы баяндама оқыды.

Биылғы оқу жылында аттестациядан өтуші биология, география пәнінің мұғалімі Кемпирова Асемгуль Сайлаубековна және бастауыш сынып мұғалімі Драганчук Наталья Алексеевна өздерінің авторлық жұмыстарымен және іс-тәжірбиелерімен бөлісті.