2025 жылдың 11 - 12 ші желтоқсан күні аралығында «Жас Ұлан» балалар мен жасөпірімдер орталығының ұйымдастыруымен, қала және ауыл мектептерінің бастауыш 1 - 4 сынып оқушыларына арналған «Жастар» кіші спартакиада шеңберінде спорттық қимыл қозғалыс ойыны қыздар арасында Пионербол жарысы өткізілді. Жарысқа барлық қала мектептерінен және ауыл мектебінен 2 команда келіп, жалпы саны бойынша 14 командадан 120 дан астам оқушы қатысты. Тартысты ойында команда ойыншылары әр - түрлі айла тәсілдерін қолдана отырып жеңіске қол жеткізді. Барлық командалар жақсы дайындықпен келді, күш жігерліктерін салып ең мықтысы жоғары ұпаймен жеңіске жетті.

Жеңімпаздарға келсек:

командалық есепте

І орын - А.Құнанбаев атындағы мектеп - гимназиясы;

ІІ орын - Кейкі батыр атындағы №4 мектеп;

ІІІ орын - Фурмонова ЖББМ;

Алдағы уақытта спортшыларымызға сәттілік тілеп үлкен додаларда көруімізге тілектеспіз.