«Жас Ұлан» балалар мен жасөпірімдер орталығының ұйымдастыруымен, қала және ауыл мектептерінің бастауыш 7 - 8 сынып оқушыларына арналған «Жастар» кіші спартакиада шеңберінде тоғызқұмалақ жарысы өткізілді. Жарысқа барлық қала мектептерінен және ауыл мектептерінен оқушылар қатысты.
Барлық командалар жақсы дайындықпен келген.
Біздің мектебіміздің оқушысы Дәрмен Бейбарыс ІІ тақтада ойнап, жүлделі ІІ орынға ие болды.
Алдағы уақытта спортшымызға сәттілік тілеп үлкен додаларда көруімізге тілектеспіз.









