Мектебіміздің 7-8 сынып оқушыларынан құралған қыздар командасы гандболдан өткен қалалық жарыста жоғары нәтиже көрсетіп, жүлделі ІІ орынға ие болды.
Жарыс барысында спортшыларымыз ұйымшылдықтың, табандылықтың және жеңіске деген жігердің жарқын үлгісін көрсетті. Әр ойын тартысты өтіп, қыздарымыз қарсыластарынан қаймықпай, шебер ойын өрнегін танытты. Команданың бірлігі мен өзара қолдауы олардың жеңіс тұғырынан көрінуіне үлкен ықпал етті.
Жас спортшыларымыздың бұл жетістігі – тынымсыз дайындық пен жүйелі жаттығудың нәтижесі. Команда жетекшісі, дене шынықтыру пәні мұғалімі Қалдыбай Ғалымжанның Сағынғалиұлының еңбегі зор. Олар оқушыларға тек спорттық шеберлік қана емес, сонымен қатар төзімділік пен жауапкершілік қасиеттерін де үйретіп келеді.
Бұл жетістік – мектебіміз үшін үлкен мақтаныш! Алдағы уақытта да қыздарымыз бұдан да биік белестерді бағындырады деп сенеміз.
Жеңістеріңіз көп болсын, жас чемпиондар!
https://arkkeikibatyr.edugov.kz/kz/zhanaly-tar/343-mektebimizdi-7-8-synyp-yzdary-gandboldan-ii-oryn-iegeri.html#sigFreeIdb870eb2d3c









